Retro Game Jam SU 2021
200-ден астам қатысушының басын қосқан алғашқы Республикалық геймджем. Кейін үлкен қозғалысқа айналған қауымдастықтың бастауы.
Командаңды жина. Өз әлеміңді жаса. Аңызға айнал.
КОМАНДА ЖИНАУ
Ақшалай жүлделер, демеушілердің марапаттары мен номинациялар тізімі джем басталар алдында жарияланады.
Дизайнер, бағдарламашы, суретші… армандағы командаңды осында жина.
Satbayev University қабырғасындағы аңызға айналған джемдер тарихы
200-ден астам қатысушының басын қосқан алғашқы Республикалық геймджем. Кейін үлкен қозғалысқа айналған қауымдастықтың бастауы.
39 команда және халықаралық мифология. Джемнің білім беру және менторлық бағытын дамытудағы алғашқы маңызды қадам.
Бүкіл серияның тарихи бетбұрысы: халықаралық мәртебе, 60-тан астам команда және рекордтық жүлде қоры.
Ойын жанрлары мен идеяларының мультиәлемі. Оншақты ғалам бір алаңда тоғысып, 48 сағаттық офлайн марафонға ұласты.
Ойын әзірлеуге кіріспес бұрын білуіңіз керек барлық ақпарат
Ұсақ қаріппен жасырылған құпиялар жоқ.Студенттер, мектеп оқушылары, инди-әзірлеушілер, мамандар және ойын жасауға қызығатын кез келген адам қатыса алады. Мектеп оқушысы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал команда капитаны 2026 жылғы 3 желтоқсанға қарай толық 16 жасқа толуы тиіс.
Іс-шара Алматыда өтеді. Қашықтан қатысуға болмайды. Кез келген қатысушының келмеуі бүкіл команданың жарыстан шеттетілуіне әкеледі.
2-ден 5 қатысушыға дейін. Жеке қатысуға рұқсат етілмейді, өйткені джем командалық жұмысқа негізделген. Егер командаңыз болмаса, серіктестерді ресми Telegram чатымыздан таба аласыз.
Мектеп оқушысы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін 16 жасқа толуы тиіс. Команда капитаны 2026 жылғы 3 желтоқсанға қарай толық 16 жасқа толуы тиіс. Офлайн тіркеуде жеке куәліктің түпнұсқасы тексеріледі.
Жоқ, қатысу баршаға ашық! Қай оқу орнында оқитыныңыз немесе қайда жұмыс істейтініңіз маңызды емес.
Фестиваль 2026 жылдың 3–6 желтоқсан аралығында өтеді. Тікелей ойын әзірлеуге тура 48 сағат бөлінеді. Осы уақыт ішінде командалар нөлден бастап ойын прототипін жасап шығаруы тиіс.
Қатысу толығымен ТЕГІН! Тек сайт арқылы командаңызды алдын ала тіркеу қажет, өйткені орындар саны шектеулі.
Ноутбук, қуаттағыш (зарядка), құлаққап, ұзартқыш (удлинитель), тінтуір/планшет, флешка және жеке басты куәландыратын құжат.
Кез келген ойын қозғалтқыштарын (Unity, Unreal Engine, Godot және т.б.), ашық кітапханалар мен тегін ассеттерді пайдалануға рұқсат. Басты талап — негізгі код пен ойын идеясы джем барысында жасалуы керек.
Жүлде қоры қазір бекітілуде — ресми анонсты күтіңіздер! Өткен жылы джемнің жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгеден асқан болатын.
lystra.org@gmail.com электрондық поштасына хат жазыңыз немесе Telegram чатымызда ұйымдастырушыларға қойыңыз.
Тақырып фестивальдің бірінші күніндегі ашылу салтанатында және ресми Telegram арнасында жарияланады.
Біз — достыққа дайын кейіпкерлерміз. Хат жазыңыз!